Алматыда Іле-Алатауы ұлттық паркі аймағындағы түнгі клубтарының бірінде ер адамды өлтіріп кетті деп жазады Nur.kz.
Қылмыс бірнеше күн бұрын болған.
Құқық қорғау органының мәліметінше, мекеменің күзетшісі жолдастарымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Ол бұрын сотта болған. Сол уақытта ер адамдардың арасында жанжал туады. Түнгі клуб қызметкері танысына бірнеше рет пышақ сұққан.
Күдікті ұсталды, қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, мекеме басшылығы да жауапкершілікке алынады. Себебі ол бұрын сотты болған адамды жұмысқа алған және клубқа келушілердің қауіпсіздігін бақыламаған. Ал Іле-Алатау ұлттық паркі аймағында орналасқан бұл клубтың заңсыз тұрғызылған.