$ 448.15  483.46  4.86

Грузия астанасында болған жарылыстан төрт адам қаза тапты

Тбилиси қаласының шеткі аймағында орналасқан тоғыз қабатты үйдің алтыншы қабатында жойқын жарылыс болды. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты, оның ішінде төрт жасар бала да бар. Сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала деп жазады «Sputnik Грузия».

Жарылыстың артынша ғимараттың бір бөлігі опырылып, өрт шыққан. Жарылыс салдарынан көрші тұрған үйдің де терезелері шағылған. Екі үйдің де тұрғындары дереу эвакуацияланған. 

«Имеди» телеарнасының мәліметінше, алдын ала мәлімет бойынша табиғи газ жарылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар күні бойы газдың иісін сезген, алайда оқиға орнына келген «Казтрансгаз-Тбилиси» компаниясының мамандары ешқандай ақау таппаған.

Тбилиси төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Андре Коджаидзе жарылыс салдарынан алты қабат бүлінгенін айтты. 

Грузия ІІМ өкілдері осы іске қатысты тергеу шараларын бастады. Кінәлі адамдар 6-10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Полиция «Казтрансгаз-Тбилиси» компаниясының қызметкерінен сұрау алып жатыр. ІІМ министрінің орынбасары Каха Сабанадзе тергеу барлық нұсқаны қарастыратынын мәлімдеді. 

Грузия премьер-министрі Мамуки Бахтадзенің шешімімен 17 қаңтарда елде қаралы күн жарияланған.  

Грузия президенті Саломе Зурабишвили зардап шеккендерге кіріп шықты.

«Бағымызға орай, зардап шеккен балалардың жағдайы ауыр емес. Олардың ешқайсысының өміріне қауіп жоқ... Қайтыс боғлан адамдардың туыстарына көңіл айтамын. Тым ауыр жағдай болды, бірінші кезекте отбасы үшін және бүкіл ел үшін», – деді президент.

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары