$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда көпірден құлаған 41 жастағы әйел ауруханада көз жұмды (ВИДЕО)

Алматыда көпірден құлаған 41 жастағы әйел ауруханада көз жұмды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға кеше таңертең сағат 11:30-дар шамасында болған. Әйел адам Б.Момышұлы мен Райымбек даңғылы қиылысындағы көпірден құлап кеткен. Болған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейнекадрда орта жастағы әйел адам қара жолда қозғалыссыз жатқаны көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем алып кеткенде ол тірі болған.

«Әйел жедел жәрдеммен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін арашалап қалу үшін барын салды. Біраз уақыттан соң алған жарақаттарының ауырлығынан ол есін жимастан қайтыс болды», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Полицияның хабарлауынша, 41 жастағы әйел адамдарға арналған жаяу жүргіншілерге арналған жолүсті көпірінен секіріп кеткен. Тергеушілер әйелдің өз өмірін қиюға бет бұруы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары