Жаңалықтар 17.01.2019 сағат 09:49  255

Алматыда әріптесін атып өлтірген полицейдің соты болып жатыр

Алматы қаласының  Қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында өз әріптесін атып өлтірген полицейдің басты сот талқылауы басталды деп жазады ҚазАқпарат.

Алматыда әріптесін атып өлтірген полицейдің соты болып жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сот алдында Жергілікті полиция қызметінің бұрынғы инспекторы Азамат Берістемов жауап беріп жатыр. Оған ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен адам өлтірді деген айып тағылып отыр.

«Берістемов қарындасы мен күйеубаласының қатынасы дұрыс емес екенін біле тұра, гараж  территориясында күйеу баласымен сөйлеспек болған. Жанжал кезінде сотталушы оны өлтіруді ойлайды. Содан кейін табельді қаруынан Сәбит Бегланұлының сол жақ самайынан атып жіберген», – деді прокурор.

Сотталушы мемлекеттік айыптаушының сөзін тыңдаған соң күйеу баласын өлтіргісі келмегенін айтты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар