Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады. Оқиға болған жерден түсірілген суреттер әлеуметтік желіде жүр.
Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері растады.
«17 қаңтар күні сағат 16:05 шамасында Алматыдағы Наурызбай ауданы Таусамалы шағынауданында «Алатау» шипажайының маңында Еврокоптер-130 маркалы «Sky Service» авиакомпаниясы тікұшағы құлады. Салонда 1968 жылы туған ұшқыш болған. Ол жедел жәрдем ішінде қайтыс болды. Тікұшақ Боралдай-Үлкен Алматы көлі бағытына қарай ұшып бара жатқан», – деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Дереккөз: Newtimes.kz.