$ 447.4  477.55  4.76

Жоғарғы сотта өмір бойына бас бостандығынан айрылған Владислав Челахтың өтініші қаралады

Астанада Жоғарғы сотта Владислав Челах ісі бойынша сотталушының өтініші қаралады деп хабарлайды ҚР Жоғарғы соты.

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах Жоғарғы соттың кассациялық инстанциясындағы ісін қарау туралы өтініш берген.

«Заңға сәйкес, Жоғарғы сот кассацияның отырысында Челах өтінішін қарауға міндетті. Жоғарғы Сот судьясы қайта қарау туралы өтiнiштiң негізділігін алдын-ала тексермейді. Бұл норма өмір бойы бас бостандығынан айырылған немесе өлім жазасына кесілген тұлғаларға арналған заңда көрсетілген», –  деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Кассациялық инстанция отырысы 2019 жылдың 22 қаңтарына белгіленген.

Еске сала кетейік, 2012 жылы әскери қызметші В.Челах «Арқанкерген» шекара қосынында 15 адамды өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары