18.01.2019, 12:19

Қызылордада 12-сынып оқушысы жел генераторын жасап шығарды

Қызылордалық оқушы Әлихан Шәкіман 3D модельдеу арқылы жел генераторының бірегей түрін жасап шығарды жазады ҚазАқпарат.

Әлихан Шәкіман Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқиды. 

Оның айтуынша, құрылғы конус тәрізді бейнеде жасалған. Сол арқылы жел энергиясын тиімді пайдалануға және атмосфераға бөлінетін зиянды заттарды азайтуға әбден болады.