Жаңалықтар 19.01.2019 сағат 06:25

«Өзім үшін тудым»: Ақбота Сейітмағамбет Айдарқұловпен ажырасудан қорықпайтынын айтты

Жақында ғана екінші сәбиін өмірге әкелген «КешYou» тобының бұрынғы солисі Ақбота Сейітмағамбет күйеуі Дәурен Айдарқұловтан айрылып қалудан қорықпайтынын айтты. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісінің қолданушысына берген жауабында жазды. 

«Өзім үшін тудым»: Ақбота Сейітмағамбет Айдарқұловпен ажырасудан қорықпайтынын айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өнер иесіне желі қолданушыларының бірі «Айдар саған дейін де әйел тастап кеткен. Сені де тастап кетсе не істейсің?» деген сарында сұрақ қойған. 

Ақбота болса: «Үш, бес баламен тастап кетсе де қорықпаймын. Мен балаларымды біреу үшін босанып, біреу үшін бағып жатқан жоқпын. Тек өзім үшін! Жақсы сөз айтайық. Алдағы уақытта не болатынын мен де, сіз де білмейсіз ғой. Пешенімізге не жазылғаны тек Аллаға ғана аян» деп жауап берген. 

Еске сала кетейік, Сейтмағамбет пен Айдарқұлов «Гламур для дур» фильмінен кейін бір-біріне ғашық боп, махаббат хикаясын бастан кешірген. Олардың ортақ некелерінен 1 ұл, 1 қыз бала бар. 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар