$ 446.49  475.38  4.79

Астанада алдағы үш күнде құбылмалы ауа райы сақталады

Алдағы үш күнде елордада құбылмалы ауа райы сақталады, аздап қар жауады деп жазады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Синоптиктердің хабарлауынша, 22 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, түнде аздап қар жауады. Жел солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен соғады, ауа температурасы түнде -13...-15 °С, күндіз -6...-8 °С.

23 ақпан күні көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с, ауа температурасы түнде -10...-12 °С, күндіз 5...-7 °С. 24 қаңтарда күн бұлтты, қар жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, ауа температурасы түнде -10...-12 °С, күндіз -5...-7 °С.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары