Батыс Қазақстан облысында тағы да жолдар жабылды деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша боранға байланысты өңірде 22 қаңтар күні сағат 02.50-ден бастап барлық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.
«Қазіргі кезде республикалық маңызы бар «Тасқала-РФ шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайқын» жолдары жабық. Қалған жолдар ашылды», – деп хабарлады БҚО ТЖ департаменті.
Орал қаласының өзінде қалың түскен қардан автокөліктердің жүруі қиындап, кей жерлерде батып қалуда. Сондай-ақ, Зачаган кентінің бір бөлігінде электр жарығы да өшіп қалды.
Еске сала кетейік, кеше БҚО-да бұрқасын көтеріліп, ауа райы бұзылатынын жазған болатынбыз.