Жарма ауданы, Қалбатау ауылының 30 жастағы тұрғыны Айнұр Семсенова 14 қаңтар күні үйінен шығып кеткен. Содан бері ол оралмады деп жазады altaynews.kz.
Lider.kz ерікті тобындағылардың айтуынша, сол күні Айнұр сағат 15:00 шамасында жұмысқа кеткен екен. Алайда, ол жұмысына бармапты.
Әйел сол күні көк түсті бас киім және көк куртка, ал аяғына қара етік киген. Бойы – 165-170 см.
Айнұрды көргендер болса, +7 747 349 57 17 немесе 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды.