$ 444.22  476.38  4.82

ҚР энергетика министрі бензиннің арзандауын түсіндірді

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 маркалы бензин бағасының төмендеуін елдегі жанармай профицитімен (артылуы) түсіндірді деп жазады Тengrinews.kz.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда бензин профициті байқалады. Ол қаңтардан бастап осылай. Шымкенттегі МӨЗ-де барлық резервуар толды, артық өнім шығару қаупі бар және бүкіл елде осылай. Сол себепті біз МӨЗ жұмысын бәсеңдеттік», – деді министр үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беру барысында. 

Бозымбаевтың айтуынша, Алматыда жанармай бағасының төмендеуі -- нарықтың әсері. Қазақстанда бензин нарығы реттелмейді, сол себепті басқа да өңірлерде бензин арзандауы мүмкін бе деген сұраққа жауап беру мүмкін емес. 

«Қазіргі уақытта бензин бағасы реттелмейді. Шамамен 150 теңге аясында болады деп болжап отырмыз», - деді министр. 

Еске салайық, Алматы жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин арзандағаны хабарланды.  Royal Petrol және Petrol Asia сайттарында ең танымал бензин маркасының құны 149 және 147 теңгеден. 149 теңгеде Sinooil бекеттері де сатып жатыр. Мұның алдында АИ-92 барлық бекетте 156 теңгеден еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары