Жаңалықтар 22.01.2019 сағат 09:34  196

Балықшы жол талғамайтын көлігімен бірге суға батып кетті

19 қаңтар күні Алматы қаласының үш тұрғыны жол талғамайтын Toyota Land Cruiser Prado автокөлігімен Жамбыл ауданының Үлкен ауылы маңындағы «Якорь» демалыс базасына балық аулауға шыққан. Сол күні олар Балқаш көліне барып, жағасында тұрақтаған деп хабарлайды Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Балықшы жол талғамайтын көлігімен бірге суға батып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Балықшылар палатка құрып, балық аулаған. 19 қаңтар күні екеуі демалыс базасын іздеп шығады. Алайда, қараңғыда адасып кеткен. Осылайша жағалаудың оңтүстік-батыс тұсында олар мінген көлік мұзға түсіп кетеді.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, балықшының біреуі көліктен өздігімен шыққан. Алайда, серігіне көмектесе алмапты. Салдарынан, екінші балықшы суға батып кетті.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тобы марқұмның денесін екі күннен кейін ғана таба алған. Қазіргі уақытта жергілікті тұрғындар мен Үлкен ауылының әкімшілігі болып автокөлікті судан шығарып алу үшін жұмыс жүргізуде.

Дереккөз: kolesa.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар