Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 13:00 шамасында Қостанайдағы Алтынсарин көшесінде болған деп жазады alau.kz.
Автобус қызды жаяу жүргіншілерге арналған жолақта қағып кеткен. Ол түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді.
«Қыздың жасы 20-да. Ол түрлі жарақаттар алған және денесінде сыну жарақаттары бар», – дейді Қостанай облыстық травмотологиялық бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов.
Дәрігерлер жәбірленушіні отаға дайындап жатыр.