23.01.2019, 03:44

Қостанайда автобус қағып кеткен қыз көз жұмды

Қостанайда Алтынсарин көшесінде автобус қағып кеткен 20 жастағы қыз көз жұмды. Бұл туралы Қостанай облыстық ауруханасының травматологиялық бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов хабарлады.

Бойжеткен жол-көлік оқиғасынан ауыр жарақат алған.

«Қыз ауруханаға жол апатынан кейін ауыр хәлде түсті. Біз қолымыздан келгенше көмек көрсеттік. Өкінішке қарай, оны аман алып қала алмадық. Ол қайтыс болып кетті. Жасы небәрі 20-да еді», – дейді Марал Әбілқасымов.

Еске салсақ, автобус бойжеткенді Алтынсарин көшесінде кеше қағып кеткен болатын.

Дереккөз: alau.kz