$ 448.15  483.46  4.86

Ринат Зайытов ток-шоу жүргізетін болды

Айтыскер Ринат Зайытов Еуразия бірінші арнасынан шығатын бағдарламаны Мақсат Толықбаймен бірге жүргізетін болды. Бұл туралы Толықбай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазып, Зайытовты сынамауға шақырды. 

Айтыскер мен тележүргізуші бірігіп бағдарлама жүргізуді осыдан 2 жыл бұрын жоспарлапты.

 «Не болса да, ақыры бірігіп бір дүние жасап көрмекпіз. Батыл ойларын жұрт алдында онсыз да бүкпесіз айтып, хан қаһарынан тайсалмай сөйлеп жүрген Ринат «ток-шоудың жүргізушісі болып кетіпті ғой» демесеңіз. Өзгере қалған ештеңесі жоқ! Сол баяғы Ринат», – деген ол өзінің билікке жағына сөйлемейтінін айтты.  

Десе де 7 жыл жаңалық жүргізген Мақсат Толықбай үшін ток-шоуға төселе кету оңайға соққалы тұрған жоқ. 

«Бастысы, эфирді әнші, сырнайшылармен толтырып, екі адамның арасындағы бет жыртысты көрсетіп, арзан рейтинг қуудан бірден бас тарттық. Айтпақшы, мың сұрақ туғызған «Бір сұрақ» деп атадық атын», – деп жазды ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары