Қостанай қалалық Полиция Басқармасының қызметкерлері 36 жастағы ұры әйелді ұстады жеп жазады Alau.kz.
Күдікті 14 қаңтар күні қаладағы Әл-Фараби көшесіндегі дүкеннің біріне кіреді. Әйел ол жерден 120 мың теңге тұратын әйелдерге арналған сөмке мен дүкеннің кілтін ұрлап кеткен.
«56 жастағы әйел полицияға дүкенде ұрлық болғаны туралы хабарлаған. Ұры саусақ іздері арқылы іздестірілді. Ол бұрын да ұрлық жасап сотталған Қостанай тұрғыны болып шықты. Өткен жылы жазда ғана бостандыққа шыққан әйел, қыркүйек айында да ұрлық жасаған. Алайда жәбірленушімен келісімге келіп, жазасынан құтылған. Сөйтіп ол осы жылы да ұрлық жасауын жалғастыра түскен», – дейді департаменттегілер.
Қазіргі уақытта «Ұрлық» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.