$ 444.32  473.33  4.76

Шымкентте фастфуд дайындайтын дүңгіршек өртке оранды

Шымкентте жылдам тамақ дайындайтын дүңгіршектен өрт шығып, маңындағы нысандарға қауіп туғызған деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін күндізгі сағат 11:30 шамасында Рысқұлов көшесі бойындағы дүңгіршіктен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Темір дүңгіршектің  ішінде попкорн, гриль дайындайтын аппарат жанған. Өртті  сөндіруге жеке құрамның 27 адамы мен 5 техника жұмылдырылды. Жалын сағат 11:54-те толық сөндірілді. 50 литрлік газ және оттегі баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.  Өрттің көлемі 6 шаршы метрді құрады», – делінген хабарламада.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары