$ 448.15  483.46  4.86

Метеориттің Айға құлаған сәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Испаниядағы Уэльвы университетінің астрономы Хосе Мария Мадиедо 21 қаңтарға қараған түні ай тұтылған кезде құлаған метеоритті  түсіріп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ғалым New Scientist басылымына мәлім етті.  

Мадиедоның айтуынша, Айдың тұтылған кезіндегі метеориттің  құлауын көптен бері көргісі келіп жүрген. 

«Мен тап осы жолы бұл оқиғаның болатындығына сенімді едім»,- деп мәлімдеді астроном. Тұтылу кезінде ол Айдың әр бөлігін бақылау үшін сегіз телескоп пайдаланған. 

Ғалымның айтуынша, метеориттің салмағы «шамамен екі келіге жуық және көлемі футбол добымен шамалас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары