$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда күшікті талап өлтірген 2 алабайдың қожайындары табылды

Қостанайда күшікті талап өлтірген 2 алабайдың қожайындары табылды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Оларға «Адамдардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіретін иттер мен мысықтарды ұстау және жүру ережелерін бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 20 АЕК (50 500) көлемінде айыппұл салынды. 

«Қожайындардың айтуынша, дәл сол күні иттерді ұстау мүмкін болмаған. Бірақ кінәсін мойындады», - дейді ведомстводағылар. 

Еске сала кетейік, 22 қаңтар күні Қостанай тұрғыны жергілікті полицияға күшігін 2 алабайдың талап өлтіргенін айтып, арыз жазған. 

Дереккөз: Alau.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары