24.01.2019, 04:46

Ақмола облысында жеке үйден шыққан өрттен ер адам қайтыс болды

Көрнекі сурет

Ақмола облысы Ақсуат ауылындағы жеке үйлердің бірінен өрт шығып, ер адам қайтыс болды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК. 

Оқиға 23 қаңтар күні болған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндірумен жарты сағат арпалысқан. Өрттің жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрайды. 

Төтеншеліктер үйден 57 жастағы ер адамның денесін алып шықты. Өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр.