$ 498.34  519.72  4.85

Астанада 46 жастағы ер адам ішінде 1 жарым млн теңгесі бар рюкзакты ұрлап кетті

Астанадағы қонақүйлердің бірінде 46 жастағы ер адам ішінде 1 жарым млн теңгесі бар рюкзакты ұрлап кетті. Бұл туралы полицейлерге сөмкенің 26 жастағы иесі айтып берген деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бойжеткен бірнеше минутқа теріс қарап тұрғанда столда тұрған сөмкені ер адам ұрлап кеткен. 

Сарыарқа аудандық полициясы бейнебақылау камерасы арқылы күдіктіні тапты. Ол 46 жастағы Астана тұрғыны боп шықты. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Астана қалалық полиция департаменті осы ер адам жайлы басқа да жапа шеккендер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды. 

Сондай-ақ Астана полициясы тұрғындарды абай болуға, жеке заттарына ұқыпты қарауға шақырады. 

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары