Қостанайда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алайда, оқиға орнына жедел жәрдем шақырмапты деп жазады Alau.kz.
15 қаңтар күні Қостанайдағы Қобыланды батыр көшесінде «ВАЗ-21099» автокөлігін тізгіндеген 34 жастағы жүргізуші 38-дегі ер адамды қағып кеткен. Алайда, жүргізуші ол туралы жедел жәрдемге және полицияға хабар бермеген. Оның орнына досына хабарласып, көлікті оталдыруға көмек сұрапты. Сөйтіп екеуі оқиға орнынан кетіп қалған. Ал жәберленуші жол апатынан алған жарақатынан көз жұмған.
Көп ұзамай көлік жүргізушісі ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.