Көрші елдерде қызылшаға шалдыққандар саны артуда деп хабарлайды Хабар-24.
Мәселен, Ресейде 4000, Қытайда 30 мың тұрғын дертке шалдыққан. Ал елімізде қарашадан бері 1400 адамға осындай диагноз қойылған. Денсаулық сақтау министрлігі вирустың тез таралуына жол бермеу мақсатында профилактикалық шараларды қолға алған.
Елжан Біртановтың айтуынша, ең алдымен науқастың ортасын анықтап, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Министр дертке шалдықпаудың бірден-бір жолы вакцина салдыру екенін айтады. Себебі, қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмағандар.
«Ең бірінші вакцина. Қазіргі күнде елімізде вакцина жеткілікті. Вакцинаның сапасы өте жоғары. Себебі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен алынады. Екіншіден, ата-аналардың арасында түсіндіру жұмысын өткізуіміз қажет», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.