Air India ұшағы жолаушының өзін жайсыз сезінуіне байланысты Астана әуежайына қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайының баспасөз қызметі.
«Астана уаықтымен таңғы 07:30-да «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайына Дели - Чикаго бағытымен ұшып бара жатқан Air India әуекомпаниясының әуе кемесі шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі - ұшақтағы жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген (астма диагнозы)», - делінген таратылған хабарламада.
Әйел адамды екі туысының сүйемелдеуімен қалалық № 2 ауруханасына жеткізді. Boeing 777 ұшағының бортында 341 жолаушы және 19 экипаж мүшесі болған. «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында ұшаққа жанармай құйып, техникалық бақылаудан өтті. Әуе кемесі Астана әуежайынан 12:03-те Чикагоға ұшып кетті.
Дереккөз: Tengrinews.kz