Жаңалықтар   28.01.2019   сағат   05:43     223

Алматыда көліктің астына түспек болған алаяқ ұсталып қалды (ВИДЕО)

Алматыда белгісіз ер адам көліктің астына әдейі секірмек болған. Абырой болғанда, жүргізуші тежегішті дер кезінде басып үлгерді. Автокөліктегі бейнебақылау камерасы бұл сәтті таспаға жазып алыпты. Ал, видео авторы болса «жанкештінің» алаяқ екенін айтып, өзге жүргізушілерді сақ болуға шақыруда деп жазады Kolesa.kz.

Алматыда көліктің астына түспек болған алаяқ ұсталып қалды (ВИДЕО)

Оқиға Алматыда 27 қаңтарда таңертең Жұмабаев мен Кассин көшелерінің қиылысында болған екен. Видеотіркеуіштің жұмыс істеп тұрғанын білмеген ер адам екі тізесін бүгіп, жерге аунай кетеді. Ең қызығы, сол сәтте лезде оқиға орнына полицейлер де келіп жеткен. Алайда, көлік жүргізушісі оқиғаның толықтай бейнекамераға жазылғанын айтып, өзінің кінәсіз екенін оңай дәлелдеп шықты.

Заңгерлердің айтуынша, көп жағдайда алаяқтардың көлік астына әдейі түспек болғанын дәлелдеу қиын. Сол себептен іс сотқа дейін жетпейді екен.

Соңғы жаңалықтар