$ 498.34  519.72  4.85

Шекарадан 150 келіден астам дәрі-дәрмек алып өтпек болғандар ұсталды

Өзбекстан азаматы Қазақстаннан 150 келіден астам дәрі-дәрмек алып өтпек болғаны үшін ұсталды деп хабарлайды Қазақстан ҰҚК шекара қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Кызыл таң» заставасының шекара наряды мемлекеттік шекара (қазақ-өзбек шекарасы) арқылы дәрі-дәрмектерді елімізден көршілес елге контрабандалық жолмен өткізуге тырысқан Өзбекстан азаматын ұстады.

«29 жастағы азаматтың екі сөмкесін қараған кезде одан галавит, просульнин, нейрокс, химотрипсин, эглонил, амбробене секілді тағы басқа дәрілер табылды. Барлығы 27 түрден тұратын дәрі-дәрмектердің жалпы салмағы 168 килограмға жетті»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сөмкеден 16-арналы «Умбрелла» радиостанциясы мен «Нокиа» деп аталатын ұялы телефон табылды.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары