$ 514.65  544.6  5.17

Алматы облысында ер адам сүйіктісін қатыгездікпен өлтірген

Алматы облысында Жаңатұрмыс ауылында ер адам 37 жастағы әйелді айуандықпен өлтірген деп жазады Zakon.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам мен әйел бірге тұрған.

Тексеру барысында белгілі болғаны, дастархан басында екеуі бір-бірімен жанжалдасып қалған. Сол уақытта ашуға булыққан еркек әйелге пышақ сұғып алады.

Әйелдің мәйіті өз пәтерінде табылған. Бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған оның жүзі қаннан көрінбей қалған.

Жантүршігерлік кісі өлімі бойынша 47 жастағы ер адам ұсталды.  Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары