$ 494.87  520.65  4.91

АШМ: «Жарқанаттар ұя салмайды»

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желіде жарқанаттың ұясы қомақты қаражатқа сатылып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды деп жазады Baq.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанда жарқанат популяциясының есебі жүргізілмейді.

«Әлеуметтік желідегі «жарқанаттың ұясы 250 мың долларға сатылып жатыр» деген ақпарат өтірік. Сонымен қатар «Оның ұясы сатылады. Одан дәрі-дәрмек жасалады» деген әңгіме де шындыққа жанаспайды. Бұл – аңыз, себебі жарқанаттар ұя салмайды», - деді ол.

Осы орайда ол әлеуметтік желіде және Instagram-да жариялаған видеоларды көргенін айтып, оларға да қатысты пікірін білдірді.

«Ондағы (видеодағы – автор) азаматтар «хайп» ұстап, қалтасындағы ақшаны шығарып жатыр. Осы уақытқа дейін жарқанаттың ұясы сатылды» деген ақпарат болған жоқ. Сондықтан әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді Сәкен Ділдахмет.

Сонымен қатар ол еліміздегі жануарлар дүниесі заңмен қорғалатынын және реттелетінін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде жарқанаттың ұясы қомақты қаражатқа сатылып жатыр деген ақпарат тараған. Ондағы мәліметке сәйкес, жарқанаттың  ұясы 250-300 мың доллар тұрады, одан денсаулыққа пайдалы дәрі-дәрмек жасалады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары