Алматы облысының полицейлері адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен Gelendwagen мен жүк көлігінің жүргізішілерін ұстады деп жазады Total.kz.
24 қаңтар күні Алматы-Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адамның қайтыс болғаны хабарланған. Кейін марқұмның Көксу ауданының 51 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.
«Gelendwagen және КАМАЗ жүк көлігінің жүргізушілері ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ департаменттегілер «екі жүргізушінің бірі құқық қорғау органында қызмет істейді» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.