Қарағанды тұрғыны 30 градустық аязда үсіп өлген. Оны көшеден тауып алғандар ауруханаға апарыпты деп жазады Nur.kz.
Ер адамның тұрғылықты жері жоқ. Алкогольдік ішімдік ішкен ол көшеде құлап қалған. Сол жерде бірнеше сағат бойы орнынан қозғалмапты.
Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханаға алып келгеннен кейін ер адам жарты сағат ес-түссіз жатыпты. Содан кейін қайтыс болып кеткен. Оның жағдайы ауыр болған.
Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері Қарағандыда ауа температурасы 32 градусқа дейін төмендейді.