Жаңалықтар 30.01.2019 сағат 06:04  547

Жастар жылына бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жастар жылына бюджеттен бөлінетін қаржы сомасын атады деп жазады BAQ.KZ.

Жастар жылына бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Жастар жылын ресми түрде бастап бердіңіз. Оның барысында сіз жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған жаңа бастамалар жарияладыңыз. Сіз берген тапсырмаларды орындау үшін Үкімет нақты шаралар мен оларды оларды қаржылық қамтамасыз ететін тиісті жол картасын бекітті. Жалпы Жастар жылына арналған іс-шараларды жүзеге асыру үшін алдағы үш жылда қосымша шамамен 100 млрд теңге бөлінеді», - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары.

Ол Үкімет экономиканы одан әрі әртараптандыру және қазақстандықтардың әл-ауқаты және тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау бойынша жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар