30.01.2019, 10:35

Маңғыстау облысында ұры айыппұл төлеп түрмеден құтылып кетті

Бейнеу аудандық соты Е есімді азаматтың 767 283 теңге шығын келтірген ұрлығы бойынша қылмыстық істі қарады деп жазады Tumba.kz.

«Е есімді азамат кәсіпорын базасына кіріп 20 металл трубасын ұрлаған. Ол ұйымға  767 283 теңге болатын шығын келтірген», – деді сотта.

Сот оны кінәлі деп біліп, оған 481 мың теңге айыппұл салды. Ал ұрланған трубалар кәсіпорынға қайтарылды.

Заң өз күшіне енді.