$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғады

«Қазгидромет» РМК 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым аумағында оңтүстіктен шығатын циклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, тек батыс пен солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде республика бойынша тұман сақталады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, бұрқасын соғады.

Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 18-23 м/с, Алакөл ауданында 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, түнде  екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қызылорда облысында - кей жерлерде көктайғақ болады.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары