31.01.2019, 05:10

«Ұл табасыз»: Instagram-парақшасында сәбидің жынысын болжайтын аккаунт пайда болды

Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында сәбидің жынысын болжайтын аккаунт пайда болды деп жазады NUR.KZ.

Аккаунт иесіне арнайы хабарластық. Ол ата-анасының туған күні мен қан тобы, бала саны мен түсік жасатқан уақыты жайлы ақпараттарды сұрады. Арнайы УЗИ-ға түсіп, діргерлер «ұл табасың» деген әйел жайлы барлық ақпаратты бердік. Арада 1 сағат өткен соң әлгі кісіден «Құттықтаймыз, ұл»  деген жауап келді. 

Қызмет құны 2 мың теңге тұрады екен. Тіпті, қай уақытта бала көтеретініңді де болжайтын боп шықты. Оның құны – 5 мың теңге.