31.01.2019, 10:38

Ақтауда сүйіктісінің көңілдесін балғамен ұрып өлтірген ер адам сотталды

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлағандай, Ақтауда өткен жылы жазда болған жантүршігерлік оқиғаға енді ғана нүкте қойылған деп жазады ИнАктау.

2018 жылдың 25 маусымында ақтаулық келіншек үйіне бірге тұру үшін жаңа көңілдесін ертіп келген. Бірақ оларды онымен бұған дейін бірге тұрған бұрынғы сүйіктісі күтіп отырған. Мәселенің басын ашып алу үшін үшеуі сөйлеспекші болады. Алдымен олар бірігіп арақ ішкен. Ішімдікке тойып алған ер адам сүйіктісін жаңа еркектен қызғана бастайды. Сөйтіп ол қонақты балғамен ұрып өлтіріп, бірнеше рет пышақтап тастаған. Кейіннен жасаған қылмысын жасыру үшін пәтер иесі марқұмды бөлшектеп, мәйітті қоқыс контейнерлеріне бөліп тастаған. Маңғыстау облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен ер адам "Кісі өлтіру" бабына сәйкес кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал әйел аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 1 жыл 6 айға сотталды.