$ 443.85  474.3  4.8

Астанада әйгілі «Beatles» тобының әндері шырқалады

Бүгін елордадағы «Qazaqstan» орталық концерт залында «Британдық кеш Астанада» атты концерт өтеді. Бұл кеште аты аңызға айналған әйгілі «Beatles» тобының репертуарындағы ең үздік хиттері орындалады, деп хабарлайды «Қазақконцерт» МКҰ» РМҚК баспасөз қызметі.

Концертте «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі мен талантты хормейстер Батыржан Смаковтың жетекшілігімен ҚазҰӨУ хоры, көркемдік жетекшісі Әділжан Толукпаев болып табылатын «Saz&soul» тобы өнер көрсетеді. Танымал әнші Рүстем Жүгінісов, «Қазақстан дауысы» телевизиялық жобасының грандфиналисі Ербол Тәжібаев атақты рок топтың әуендерін шырқайды. 

Сонымен қатар республикалық байқаулардың лауреаты Айна Қалмағанбетова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Қазақстан дауысы» телевизиялық жобасының финалисі Салтанат Меңдығалиева өз өнерлерін көрсетеді. 

Эксклюзивті бұл музыкалық кеште «Х фактор», «Қазақстан дауысы» тележобаларының, «Новая волна» халықаралық байқауының финалисі Гүлнар Көшенова ән салады. Одан бөлек, атақты «Ағайынды Жүгінісовтер» музыкалық тобы сахнаға шығады.  

Дирижерлық тұғырда атақты мальталық дирижер, Еуропалық мәдениет қолдау қорының арт-директоры, симфониялық оркестрге арналған «Битлздің» барлық хит әндері жинақталған бағдарламаның иегері Алан Киркоп болады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана #«Beatles»