Жаңалықтар 01.02.2019 сағат 04:03  581

18 жастағы қазақстандық бозбала тікелей эфирде өзін өлтірді

Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны Ирфан Ахмеджанов Ресейде өзіне қол салып қайтыс болды деп жазады elitar.kz. Жантүршігерлік әрекетін ол әлеуметтік желінің тікелей эфирі арқылы жүзеге асырған.

18 жастағы қазақстандық бозбала тікелей эфирде өзін өлтірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ирфан Ахмеджанов осыдан 3 күн бұрын Ресейге жұмыс істеуге кеткен.

Отбасының танысы Светлана Саенконың айтуынша, осыдан үш күн бұрын ғана Ирфан ақша табу үшін Ресейге жұмыс істеуге кеткен екен. Оның өздігімен суицидке баруы мүмкін емес, алдына қойған жоспарлары көп еді дейді ол. Тіпті, сүйіктісіне сөз айтып, бірге тұруға келісімін де алып қойыпты.

30 қаңтарда Новый Уренгой қаласының полициясына бозбаланың тікелей эфирде өзіне қол салғалы жатқаны туралы хабар келіп түскен. Артынша ол өмірімен қош айтысыпты. Светлананың айтуынша, Ирфанның ата-анасы ұлдарын туған жерге алып келуге қиналып отыр екен, ақшалары жоқ. Сондықтан, әлеуметтік желілер арқылы жомарт жандардан көмек сұрайды.

Дереккөз: Almaty.tv

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар