Жаңалықтар 01.02.2019 сағат 11:52  306

Алматы облысында бағалы 13 тон ұрлады деген күдікпен екі әйел ұсталды

Алматы облысында екі әйел 13 қаракүзен тонын ұрлады деген күдікпен ұсталды. Қазір жоғалған заттар табылып,  иесіне қайтарылды деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облысында бағалы 13 тон ұрлады деген күдікпен екі әйел ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Панфилов ауданында болған. 31 қаңтар күні полицейлерге жергілікті Нұркент ауылының тұрғыны арыз түсірген. Жәбірленуші ол жерде 13 қаракүзен тоны ұрланғанын және жалпы шығын көлемі 5 миллион теңгеге бағаланғанын айтқан. Анықталғандай, кәсіпкер әйел бағалы тондарды  Алматы қаласына апарып сатам деп жоспарлаған.

«Панфилов ауданының полицейлері күдіктілерді анықтап, екі әйелді ұстады. Ұсталғандардың екеуі де - көрші ауылдың тұрғындары болып шықты. Ұрланған 13 қаракүзен тонның барлығы табылып, иесіне қайтарылды. Қазір осы фактіге орай ҚР ҚК 188-бабының (Ұрлық) 4-ші бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды», - деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар