$ 494.87  520.65  4.91

Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасында 1 күнде 2 бірдей бала қайтыс болды

29 қаңтар күні жұқпалы аурулар ауруханасында 2 бірдей бала қайтыс болды. Біреуі - 2 жаста, екіншісі - 2 айлық деп жазады Ақ жайық.

2 жасар Анжела Ахмеқалидің анасы қызының дене қызуы бірнеше күн жоғары болғанын, сол үшін емделуге келіскенін айтады. Ал препараттарды қабылдағаннан кейін Анжеланың жағдайы одан сайын нашарлай түскен. 

Алғашында инфекция қоздырғыштары қанға араласқан деген дәрігерлер кейін баланың ДЦП екенін айтқан. Кейін науқас комаға түскен. Осы жағдайдан кейін ақ халаттылар пневмония деген диагноз қойған. 

№2 облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Надя Ергалиева қыздың цитомегаловирус инфекциясынан қайтыс болғанын хабарлады.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі екі баланың да қайтыс болғанын растап отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары