Жаңалықтар 04.02.2019 сағат 05:43  322

Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам обырдан қайтыс болады

Қазақсанда жыл сайын 15 мың адам обырдан көз жұмады. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам обырдан қайтыс болады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Жыл сайын елімізде обырдың шамамен 35 мыңға жуық жаңа деректері тіркеледі. Бүгінде шамамен 179 мың қазақстандық диспансерлік есепте тұр. Бір жылда онкологиялық аурудан шамамен 15 мың адам қайтыс болады. Ауру-сырқау құрылымында бірінші орында сүт безі обыры (12,6 пайыз), екінші орында өкпе обыры (9,9), үшінші орында асқазан обыры (7,4), төртінші орында жатыр мойыны мен тоқ ішек обыры (4,7) тұр», - делінген министрлік мәліметінде.

Ведомствоның атап өтуінше, өткен жылы ҚР Үкіметі 2018-20252 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрестің кешенді жоспарын қабылдады. Аталған жоспар тәуекелдердің алдын алу және факторларды басқару, тиімділігі жоғары ерте диагностикалау, онкологиялық көмектің интеграцияланған моделін енгізу, кадрлық әлеует пен ғылымды дамыту сынды 4 бағытты қарастарады. Сонымен қатар, осы жоспар аясында онкологиялық көмек көрсететін ұйымдардың стандарттары жетілдірілуде.

Мәселен, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты онкологиялық аурулар бойынша 30 клиникалық хаттаманы өзектендірді. Қазіргі уақытта бұл хаттамалар ҚР Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында сараптамадан өткізіліп жатыр. Мұнан бөлек, ҚР Үкіметінің «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС құру туралы қаулысы қабылданды. Орталықты құру тұжырымдамасы ел үкіметінде талқыланып, Премьер-Министр мақұлдады.

Жаңа ғылыми мекеме «UniversityMedicalCentre» корпоративтік қоры Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми  орталығы  аумағында салынатын болады. Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарыннда да онкологиялық орталықтары бар көпбейінді клиникалар салу мәселесі талқыланған.

Естеріңізге сала кетсек, жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақ бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар