$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында 15 жастағы оқушы ер адамды қағып өлтірді

15 жастағы оқушы ер адамды қағып өлтірді деген күдікке ілінді деп хабарлайды Алматы облыстық Полиция департаменті.

30 қаңтар күні Жансүгіров ауылында көшеден 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оны көлік қағып кетуі мүмкін деп болжануда.

«Жедел іздестіру кезінде ер адамды қағып кеткен автокөлік маркасы анықталды. Белгілі болғандай, Honda Odyssey автокөлігін 15 жастағы оқушы тізгіндеген. Ол оқиға орнынан тығылып қалған. Қазіргі кезде көлік тексеруге алынды», – дейді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.  

Дереккөз: inAlmaty.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары