$ 494.87  520.65  4.91

Астанада 9 судья жауапқа тартылды

2018 жылы Астананың қалалық сотында сот процесінде тұрғындардың көңілі толмаған 9 судья жауапқа тартылды деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық соттың мәлімдеуінше, өткен жылы судьяларға қатысты 240 шағым келіп түскен.

«Олардың барлығын талдай келе 226 шағым (94%) судьялардың іс қарауда материалдық және процессуалдық талаптарды бұзуымен байланысты екенін анықтадық. Яғни жай азаматтар мен заңды тұлға өкілдері судья қабылдаған сот актілерімен келіспеген», - деді Астана қалалық сотының судьясы Гүлнар Әбдірахманова сот ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, судьяларға түсетін арыз-шағымдар саны азайып келеді. 2017 жылмен салыстырғанда, өткен жылы түскен шағымдар 64-ке немесе 21% азайған. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрын аудио-видеофиксация тәжірибесін енгізумен тікелей байланысты.

«Судьялар сот отырыстарына тиісті деңгейде дайындалып, сот процесінің мәдениетін сақтауға тырысатын болды. 240 шағымның 14-інде судьялардың сот отырысын негізсіз кейінге қалдыруы, сот актілерін кешігіп жасауы, істі апелляциялық инстанцияға уақытында жібермегені айтылған. 14 шағымның 9-ында судьялардың айыбы дәлелденді және жауапқа тартылды», - деді Г. Әбдірахманова.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары