«Қазгидромет» РММ наурыз айында қандай ауа райы болатынын болжады деп жазады NUR.KZ.
Метеоорталықтың мәліметінше, аяздың беті қайтып, күн жылынады.
Наурыз айында ауа температурасы қалыпты деңгейде болады деп болжануда, тек батыс өңірлерде қалыпты көрсеткіштен бір градусқа жылы болады.
Көктемнің алғашқы айында шуақты күндер көп болғанмен, жауын-шашын да күтілуде. Синоптиктер ақпандағы қаһарлы аяздар енді қайталанбайтынын мәлімдеді.
«Айдың қалған бөлігінде -30-35 градус аясында аяз болады», -деп мәлімдеді Қазгидромет өкілдері.