Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
«Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 2019 жылғы 09 ақпандағы АГҚ № 12 дауылды ескертуі негізінде ескертеді!
2019 жылы 9-13 ақпан аралығында Алматы қаласында ауа температурасының жоғарылауы болжамына байланысты, қар еруі және ағынды судың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзен су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - делінген хабарламада.
Дереккөз: tengrinews.kz