10.02.2019, 07:40

Шымкентте жүкті әйел сауда үйінің дәретханасында босанып қойды

Shymkent Plaza ойын-сауық сауда орталығының дәретханасында жүкті әйел босанып қойды деп жазады Tengrinews.kz. Ол аталған орталыққа демалуға келген екен.

10 ақпан күні таңертең сағат 09:26-да  екінші қабаттағы дәретханада жүкті әйелдің толғағы келгені туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына күзетші әйел және кезекші медбике келген және жедел жәрдем шақырылған. Алайда, аурухана дәрігерлері жетем дегенше сағат 09:28-де әйел босанып қойды.

Қазіргі таңда ана мен бала облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген. Жағдайлары қалыпты. Ал, сауда орталығында дүниеге келген сәбиге Аиша деген ат қойылды.