11.02.2019, 09:07

Астанадағы жатақханада шыққан өрт: дәрігерлер уланған балалардың жағдайын айтты

№2 қалалық аурухананың бас дәрігері Біржан Досмаилов Астанада газдан уланған 4 баланың жағдайы жайлы айтты. 

Ол балалардың педиатр, реаниматолог және травматолог дәрігердің қабылдауында болғанын айтты. 

«Балалардың денесінде күйік жоқ. Олар тек газдан уланған. Екі үлкен баласын ата-анасы дәрігерлер тексеруінен кейін үйіне алып кетті», – дейді бас дәрігер. 

Ал қалған екеуінің жағдайы орташа. Олар тағы бірнеше күн ем алулары керек. 

Еске сала кетейік, 9 қаңтар күні Астанадағы жатақханалардың бірінде өрт шығып, бір үйдің 4 бірдей баласы газдан уланып қалған болатын. 

Дереккөз: NUR.KZ