Астана қаласындағы «Хайвилл Қазақстан» кеңсе ғимаратындағы өрт толығымен сөндірілді, деп хабардайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, 13 ақпанта кешкі сағат 21:11-де Астана қаласының өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне Сарыарқа көшесінің бойындағы «Хайвилл Қазақстан» кеңсе ғимараты өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түскен. Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД-ның 65 қызметкері мен 16 көлігі жұмылдырылды.
Өрт сағат 22:45-де ауыздықталды. Жалын 1500 шаршы метр аумақты шарпыған.
Бастапқы мәлімет бойынша, өрттен ешкім зардап шекпеген.