$ 448.56  478.03  4.79

Арман Тұрлыбек Астана қаласы әкімнің орынбасары боп тағайындалды

Астана қаласы әкімінің өкімімен Арман Тұрлыбек әкімнің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Тұрлыбек Арман Алашұлы - Қарағанды облысының тумасы, 1971 жылы 6 мамырда дүниеге келген. 

Білімі экономикалық және техникалық. Алматы Энергетика және байланыс институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. 

1999 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімдігінің жүйесінде Энергетика, байланыс және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Сәтбаев қаласының әкімі болып жұмыс істеді. 

2008 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және тарифтік саясат мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы болды. 

2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегі жауапты қызметтерді атқарды. 

2016 жылдан бастап Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі. 

«10 жыл Астана», «Ерен еңбек үшін» медальдары және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі» құрметті төсбелгісімен марапатталған. «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы бар. Үйленген, үш баласы бар.        

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары