15.02.2019, 03:54

«Алатынымыз 45 мың теңге»: Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің күзетшілері үндеу жасады (ВИДЕО)

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің күзетшілері жалақыларын көтеруді сұрап, үндеу жасады. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі @qazaqstanda тобында жарияланды. 

Кадрда күзетші киіміндегі 5 ер адам өздерінің Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істейтінін айтады. 

«Біздің алатын айлығымыз бар болғаны 45 мың теңге. Бұрын да солай болған. Елбасымыздың жалақыны көтеру жайлы мәселесі бізде әлі шешімін тапқан жоқ. 2 тәуліктен істейміз. Еңбек демалысына алатын ақшамыз 25 мың теңге»,  – дейді олар. 

Айта кетейік, президент Нұрсұлтан Назарбаев қарамағындағыларға жыл сайын жалақыны өсіру туралы тапсырма береді.